Шымкентте ер адам суицид жасамақ болған

Шымкентте ер адам суицид жасамақ болған
Фото: Шымкент ПД

Шымкентте ер адам суицид жасамақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тәртіп сақшылары ер адам А.Байтұрсынұлы көшесіндегі жер үсті көпірінен секірейін деп тұрғаны туралы хабарлама алған.

Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция полкінің инспекторлары көпір қоршауынан шығып тұрған азаматты байқаған.

Полицейлер ер адамды әңгімеге тартып, оны назары ауған сәтте ұстап алып, қауіпсіз жерге шығарды. Бұл оқиға инспекторлардың бейнежетондарына жазылып қалған.

"Күнделікті қызмет барысында біз әртүрлі жағдайларға тап боламыз. Әрқашан азаматтарға қиын сәтінде көмек көрсетуге барымызды саламыз. Бақытқа орай, бүгін екі баланың әкесінің өмірін сақтап қалдық", - дейді офицерлер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова