Павлодарда ірі кәсіпорын қалалық саябақтың жерін иемденбек болған

Павлодарда ірі кәсіпорын қалалық саябақтың жерін иемденбек болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Павлодар облысының прокуратурасы Павлодар қаласындағы парк аумағының бір бөлігін 2 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы үшін заңсыз берілгенін анықтады.

"Ауданы 1,2 гектар болатын "Металлургтер" паркінің жер учаскелері жер және сәулет заңнамасын бұза отырып, бұған дейін айтылған нысаналы мақсатта пайдалану үшін Eurasian Resources Group компанияларының бірі - "Қазақстан алюминийі" АҚ-ға бөлінген", - деп жазылған хабарламада.

Қадағалау актісі бойынша заңсыз рұқсат беру құжаттарының күші жойылды, жер учаскелері мемлекетке қайтарылды, саябақ аумағы қалпына келтірілді, кінәлі лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!