Астанада 7 жыл бойы жоқ мектеп қызметкерлері арқылы жалақы алып жүрген есепшілер сотталды

Астана прокуратурасы тексеру қорытындысы бойынша мектептердің бірінде бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 7 жыл бойы жоқ мектеп қызметкерлеріне жалақы мен сыйақылар заңсыз аударылған.

Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 130 миллион теңгеден астам. Тергеу барысында мектеп қызметкерлері өз кінәларын толық мойындады.

Сот үкімімен кінәлілер 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Мемлекет пайдасына келтірілген материалдық шығын сотталғандардан өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз