Шығыс Қазақстанда сел қаупі сақталады

Биыл 30 сәуір және 4 мамырда Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, сел жүруі мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуімен ауа райы жауын-шашынды болады.

"1-2 мамырда солтүстікте, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жауын-шашады болады, түнде жаңбыр қарға ұласуы ықтимал. Еліміздің оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша екпінді жел күшейеді, түнде солтүстік-шығыста тұман болады деген болжам бар", - деді Алина Ысмағұлова ОКҚ-да өткен брифингте.

Сондай-қ елімізде күн күрт сууы мүмкін.

"Солтүстік, шығыс және орталықта ауа температурасы күрт төмендейді, күндіз ауа температурасы 0 және +5 градус жылы болады. Суық ауа температурасы біртіндеп, оңтүстікке жылжиды. Осылайша, мұнда ауа температурасы төмендейді, түнде +2-7 градус жылы болады", - деді "Қазгидромет" өкілі.

Алина Ысмағұлова ШҚО-да сел қаупі сақталатынын атап өтті.

"Өткен тәулікте ауа райының қолайсыздығына байланысты гидрологиялық ескерту жарияланды. 30 сәуір – 4 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынның түсуіне байланысты сел жүріп, өзендерде судың деңгейі көтерілуі мүмкін", - деді ол.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!