Жамбыл облысында 105 миллион теңге жымқырғандар анықталды

Жамбыл облысында 105 миллион теңге көлемінде бюджет қаражаты жымқырылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Рысқұлов ауданының прокуратурасы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражатты жымқыру дерегін анықтады.

"Облыстың екі тұрғыны 108 шаруаның атынан құжаттарды қолдан жасап, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу шығынын субсидиялауға бөлінген 105,3 миллион теңгені заңсыз алғаны анықталды", - деп жазылған хабарлаада.

30 наурызда аудан прокуратурасы алаяқтық дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен соталды тергеп-тексеруді тіркеді.

Қылмыстық істі тергеу облыстық Экономикалық тергеп-терсеру департаментіне жүктелді. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!