Сәуірдің соңғы күні 12 өңірде ауа райы қолайсыз болады

Синоптиктер 30 сәуірде Қазақстанның 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.

Жетісу облысының батысында жоғары өрт қаупі бар.

Астанада күндіз нөсер жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады таңертең және күндіз екпіні секундына15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні секундына 25 метрге жетеді. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 2 градус үсік болады.

Қостанай облысының солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, шығысында шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыста жоғары өрт қаупі бар.

Абай облысының солтүстік жартысында найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының батысында, орталығында шаңды дауыл болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с-қа жетеді. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Ақмола облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында оңтүстігінде, шығысында 15-20, күніз екпіні 25 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел оңтүстіктен солтүстікке ауысып соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!