Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам мерт болды

Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам мерт болды
Фото: видеодан алынған кадр

Ақмола облысындағы Жалтыр ауылының маңында жантүршігерлік жол апатынан бес адам көз жұмды. Ауыр жарақат алған тағы екі жолаушы Астанадағы ауруханаға жеткізілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Мерседес пен ВАЗ-дың қатты соқтығысқаны сонша, екі көліктің де тас-талқаны шыққан. 29 жастағы жүргізуші мінген Мерседес Астанаға, ВАЗ тізгіндеген 55 жастағы азамат Атбасарға бет алған екен, бірақ екеуі де бір бағытта жүріп бара жатып жол апатына түскен.

Апат кеше 00:00 шамасында Жалтыр ауылы маңында болған. Екі көліктің жүргізушісі де сол жерде мерт болды. Қаза тапқан тағы үш жолаушының екеуі — әйел.

Бес бірдей адамның өмірін жалмаған апатқа кім кінәлі екенін полиция анықтап жатыр. 

"ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігі "Көлік құралын басқаратын адамдардың жол жүрісі және көмек құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді Ақмола облысы полиция департаментінің жетекші маманы Әлия Біләлова.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан