"Мәңгі есімде қалады". Танымал блогер әкесіне жантебірентер жазба арнады

Танымал блогер Әсел Асқар әкесіне жантебірентер жазба арнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"25 жылдан кейін әкем екеуміз оның достарының шарасына бардық. Бұрын оның артынан қалмай, барлық жерге баратынмын. Қызыл көлігіне отырғызса, ханшайым болып кететінмін. Маған бәріне рұқсат. Алдыңғы орындыққа отырып алып, сұрақ қоя беретінмін.. Қазір есіме алсам, еріксіз жымиямын. Уақыт өтіп жатыр. Ал сол сәттер дәл кеше болғандай есімде. Өйткені әкеммен бірге уақыт өткізу мен үшін ерекше сезім еді. Әкемнің досын немересімен құттықтауға келдік. Дәлірек айтсақ, "тұсаукесер". Маған да жұғысты болсын дедік. Бәрін көріп, "Бармысың бауырым" бағдарламасындағыдай құшақтастық. Анамды сұрап, сәлем айтты (әкемнің достары мен әйелдері анамды қатты жақсы көреді). Менің бала кезімдегі шалалықтарымды айтты. Естеліктер кеші, дәмді бешбармақ, әкеммен билеген би (айтпақшы, бірінші де, екінші де некемде билемедім) мәңгі есімде қалады", - деп жазған ол. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!