Су тасқыны кезінде шетелде демалып жүрген Қарақат Әбілдина сынға қалды

Су тасқыны кезінде шетелде демалып жүрген Қарақат Әбілдина сынға қалды
Фото: Әлеуметтік желі

Су тасқыны кезінде демалысқа кеткен Қарақат Әбілдина жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі Вьетнамда түскен суретін әлеуметтік желіде бөлісті. 

"Cүйікті елімізге, гүлденген Вьетнам жерінен жалынды сәлем. Алладан амандықтарыңызды тілейміз! Алдын ала жоспарланып қойған демалыс еді ғой бұл. Елдегі жағдайдан кейін Қыдекең "ешқайда бармаймыз" деп шықты. Демалысқа төленген ақша толығымен күйіп кететін болды. Балалардың көңілдері ол түсіп, қойш, әйтеуір не ойларымызды білмей дал болдық. Сөйтіп ел болып, жұрт болып әкелерінің күнде құлағын жеп, уф, әйтеуір әрең дегенде көндірдік қой. Так что бұл нағыз "заслуженный отдых" болды. Елдегі жағдайға қатты алаңдадық рас… Шүкір .Бәрі жақсы болсыншы", - деп жазған ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

Желі қолданушылары әншінің бұл жазбасына түрлі пікір жазған. 

"Ешкімге ақталмаңыз, адал табысыңызға отбасыңызбен қыдыруға хақыңыз бар. Елде отқанда да ешкімді ажалдан арашала алмайсыз. Балалар бақытты болсын ең бастысы! Бізге де жұғысты болсын", "Не деген мақтаншақсың, Қарақат! Сенің сәлемің үйлері суға ағып кеткен, өмірлерінде бір рет соңғы қоңырауға қатыса алмай отырған оқушыларға түкке де керек емес. Керісінше соларға көмек бере қойсаңдар, алғысқа бөлінер едіңдер", "Жақсы демалыс болсын. Ақталудың керегі жоқ, бәріде бір Алланың құзырындағы нәрсе ғой. Аман-есен оралыңыздар", "Біреу тойып секіреді, біреу тоңып дегендей", - деп жазған олар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек