Роза Әлқожа тасқыннан зардап шеккендерге жіберілген "баспананы" көрсетті

Роза Әлқожа тасқыннан зардап шеккендерге жіберілген "баспананы" көрсетті
Фото: Видео кадры

Танымал әнші Роза Әлқожа тасқыннан зардап шеккендерге жіберілген баспана-контейнерлерді көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"Ал кішкентай болса да көңіл деп қабылдаңыздар! Өнер адамдарының атынан жасалған тұрғындарға арналған уақытша баспана-контейнерлер Қостанайға жол тартты. Алла ақ жол берсін, жүк көлік иелері рақмет сіздерге! Өзге ұлт өкілі болса да, жеңілдікпен апара жатқандарыңызға алғыс!" - деп жазды ол. 

Өнер иесі дәл осындай баспана Атырауға да жеткізілетінін тілге тиек етті. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ӘЛҚОЖА РОЗА ӘБДІРАЗЗАҚҚЫЗЫ (@roza_alqozha)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек