"Қара бет боламыз". Бағлан Әбдірайымовқа 30 миллионға казино жарнамасы ұсынылған

"Қара бет боламыз". Бағлан Әбдірайымовқа 30 миллионға казино жарнамасы ұсынылған
Фото: Видео кадры

Танымал актер Бағлан Әбдірайымов 30 миллионға казино жарнамасы ұсынылғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол "OZMZ ғой" бағдарламасында бөлісті. 

"Бұл кино маған жасалған қысымнан басталды. Бір қызық айтайын. Қапшағайда жолдың оң жағында бұрын атауы басқа болған ғимарат бар. Соның иелері "Зеро" киносын түсіріп болғаннан кейін 1 минуттық жарнамаға мені шақырды. Олар 30 миллион ұсынды. Ештеңе істемейтін болдық. Бірнәрсе істесек, қара бет боламыз. Елден көшіп кету керек шығар. 30 миллион деген күшті ақша ғой, бірақ абырой одан да маңызды", - деді ол. 

Өнер иесі жақында бұл киносына 212 миллион теңге шығын кеткенін айтты. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек