Алматылық курьер есік алдында төселіп тұрған кілемшені алып кеткен

Алматылық курьер есік алдында төселіп тұрған кілемшені алып кеткен
Фото: видеодан алынған кадр

Алматы тұрғыны TikTok-тағы парақшасында ер адам түсірілген видеоны жариялады. Әуелі бейтаныс біреу бірдеңе іздегендей оның есігінің жанындағы кілемшені көтеріп алып, артынша оны алып кеткен. Видео 27 сәуірде түсірілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Менің есігімнің алдындағы ковригім неге керек болды екен сізге, ағасы", - деп жазған видеоны бөліскен әйел.

@abdimaylenova

Ужас до чего же дошли🤦🏻‍♀️😂

♬ الصوت الأصلي - ام عتب 🫦👍🏻

Алматы тұрғыны видеоның Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде түсірілгенін айтты. Пәтердің жанында кілемшенің жоқ екенін байқаған әйел бейнакамерадан қарауды жөн көрген.

"Бұл видеоны бәрі көріп, сақ болуы үшін жарияладым, ол әуелі кілтті іздеді деп ойлаймын, содан кейін камераны көріп қалып, кілемшені алып кете салды. Кілтті кілемнің астына қалдырмаңыз", - деді ол.

Алматы тұрғыны полицияға әлі жүгінгбегінін айтты.

Бұл оқиғаға қатысты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі мынаны хабарлады:

"Қазіргі уақытта Наурызбай аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері аталған факті бойынша терсеріс жүргізіп жатыр. Мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады полиция.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан