Су тасқыны: 39 мыңға жуық адам өз үйіне оралды

Су тасқыны: 39 мыңға жуық адам өз үйіне оралды
Фото: ТЖМ

Су тасқынынан зардап шеккен 38 859 адам өз үйіне оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 17.00-дегі ақпарат бойынша, республика бойынша 38 859 адам өз үйлеріне оралды. 6707 адам эвакуациялау пункттерінде. 119 238 адам, оның ішінде 44 783 бала құтқарылып, эвакуацияланды.

Республика бойынша 7048 жеке тұрғын үй мен 2834 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина