Алматыда "жезөкшелер үйінен" қашып бара жатқан қыздар видеоға түсіп қалды

Алматыда жезөкшелікпен айналысқан сауна әкімшісіне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде орналасқан ғимараттан бір топ қыздың асығыс шығып бара жатқаны түсірілен видео пайда болды. Жазбада олардың боди-массаж жасау желеуімен жезөкшелікпен айналысқаны және оған ешкім назар аудармағаны айтылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_akimat

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі монша кешенінің әкімшісі жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай бергені үшін жауапқа тартылғанын хабарлады.

"Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті бұзған тұлғаларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды", - деп қосты полиция өкілдері.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина