Дәрігер кәуап пісіруге қандай ет таңдаған дұрыс екенін айтты

Дәрігер кәуап пісіруге қандай ет таңдаған дұрыс екенін айтты
Фото: pixabay.com

Көктемнің келуімен адамдар жиі табиғатқа шығуға тырысады. Көкке шыққанда ең көп дайындалатын тағам – кәуап. Кәуап ағзаға пайдалырақ болу үшін оны қандай еттен дайындаған дұрыс? Бұл сұраққа дәрігер Андрей Тяжельников жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "РИА Новости"-ге сілтеме жасап.

"Жалпы кәуап диеталық тамаққа жатпайды, бірақ майы аз немесе диеталық ет түрлерін таңдау арқылы оның калориясын азайтуға болады. Бұл күркетауық, тауық және қоян еті болуы мүмкін. Сондай-ақ балық пен теңіз өнімдері жақсы балама болады. Оған қоса, олар пайдалы омега-3 майлы қышқылдарына, фосфор, мыс, йод және басқа да қажетті микроэлементтерге бай. Сонымен қатар олардың сіңуі де оңайырақ", - дейді маман.

Оның айтуынша, егер денсаулығына қатысты қандай да бір қарсы көрсетілім болмаса, арасында "майлы және шырынды" кәуап жеуге болады. Бастысы – шаманы білу.

"Етті жұмсартатын және оның пісуін жылдамдататын маринад жасауға да майсыз ингредиенттер таңдаған дұрыс. Мысалы: лимон, шарап сіркесі, минералды су, майсыз айран немесе йогурт, пияз, бұрыш. Майонез немесе дайын маринадтар кәуапты одан сайын майлы ететін ұмытпаңыз", - дейді дәрігер.

Оқи отырыңыз: Табиғат аясында кәуаптан басқа не дайындауға болады?

А. Жапатова