Атырау облысындағы су тасқыны: ауызсуды ішуге бола ма?

Атырау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Айгүл Сабырқызының айтуынша, аймақта төтенше жағдай режимі жарияланғалы бері ауызсудан 800-ге жуық сынама алынған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі atpress.kz-ке сілтеме жасап.

"Ауыз су сапасын анықтау мақсатында мамандарымыз тасқын болып жатқан аудандардағы ауызсудан 800-ге жуық сынама алды. 24 жағдайда судағы лай мен дәміне байланысты гигиеналық нормативке сәйкес емес екені анықталды.

Мамандар су қондырғыларына тазалау жұмыстарын жүргізді. Сондай ақ, ашық су көздерінен 98 сынама алынды. Тасқын болып жатқан аумақтарда судың сапасын бақылауға арналған жұмыстар күшейтіліп жатыр", - деді Айгүл Сабырқызы.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында су тасқыны салдарынан жырылып кеткен жол жөнделгені хабарланды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!