Ақтөбелік дәрігер алаяқтарға 46 миллион теңге аударған

Ақтөбелік дәрігер алаяқтарға 46 миллион теңге аударған
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақтөбелік дәрігер алаяқтарға 46 миллион теңге аударған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алаяқтар Instagram қосымшасында Kaspi Profit платформасының жалған жарнамасын жариялап, танымал банкирдің атын жамылып, азаматтарды ақша инвестициялауға шақырған. Ақтөбелік дәрігер жарнама бойынша хабарласып, өзін Kaspi Profit менеджері және қаржы талдаушысы ретінде таныстырған адаммен Telegram мессенджері арқылы сөйлескен.

"Менеджер" оған RoseFinance крипто платформасына ақша салу және одан әрі жоғары пайызбен шығару туралы кеңес берген. Алаяққа сенген дәрігер қаңтар-сәуір айлары аралығында 46 миллион теңгеден аса ақша аударған. Алайда уәде етілген жоғары пайызды да, өз ақшасын да қайтарып ала алмаған әйел алданғанын түсініп, полицияға арызданды", - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі таңда алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Полиция қызметкерлері азаматтарды сақ болуға, жалған жарнамаларға алданбауға, жасанды интеллектінің көмегімен танымал адамдардың атын, (келбетін, дауысын) пайдаланып ақша салуға шақыратын алаяқтардың айла-амалдарына түспеуге шақырады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова