Қазақстанда былтыр қанша аралас неке тіркелген?

1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Қазақстанда ұлан байтақ жерде тату-тәтті өмір сүріп жатқан түрлі ұлт пен ұлыс бар. Тіпті олардың арасында өмірлік жартысын тауып, шаңырақ көтергендері де бар. Massaget.kz тілшісі кейінгі 1 жыл ішінде қанша аралас неке тіркелгенін анықтап көруге тырысты.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, Қазақстанда биыл қаңтарда 9613 неке, ақпанда 8498 неке тіркелген.

depositphotos.com

Ал былтыр некеге тұрған 120 мың жұптың (әртүрлі ұлттар - еск.) 17,6 пайызы өзге ұлт өкіліне үйленген.

Мәселен, былтыр 83 мың жігіт (қазақтар - еск.) үйленсе, соның әрбір он бесіншісі өзге ұлт өкіліне үйленген. Яғни жігіттердің (қазақтар - еск.) 6,4 пайызы өзге ұлт қызын жар етіп алған.

"2023 жылы қазақтардың (ер) өзге ұлт өкілдеріне үйлену көрсеткіші - 5437, қазақтардың басқа (әйел) өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығу көрсеткіші - 4555", - деп жазылған Ұлттық статистика дерегінде.

elements.envato.com

Былтыр 82 771 мың қыз (қазақтар - еск.) тұрмысқа шықса, соның әрбір он сегізіншісі өзге ұлт өкілімен отбасын құрған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!