Су тасқыны. Жайық тағы да көтеріледі

"Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингі Жайық өзенінің деңгейіне қатысты жаңа деректер жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жайық өзені Махамбет кенті 754 см деңгейінде, тәулігіне + 11 сантиметр деңгейге көтерілді. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу - 437 сантиметр. Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы деңгейі 442 сантиметр. Тәулігіне +8 сантиметр жоғарылады. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі - 251 сантиметр", - деп хабарлады Атырау облысының жедел штабы.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі мүмкін.

29 сәуірде Иректі су қоймасынан жіберілетін су көлемі - 192 м3/с.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!