Мамыр айындағы мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

Мамыр айындағы мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Фото: gov.kz

Мамыр айындағы мереке күндеріне арналған ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лардың мерекелік күндердегі жұмыс кестесі жария болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лардың мамыр айындағы жұмыс тәртібі өзгереді, себебі, қазақстандықтар бұл айда үш мемлекеттік мерекені атап өтеді. Барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары, соның ішінде мамандандырылған орталықтар 1, 7, 9 мамыр күндері жұмыс істемейді.

4 мамырда орталықтар кешкі сағат 18:00-ге дейін, кезекші орталықтар 20:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Ал, 8 мамыр күні тек кезекші ХҚКО-лар мен кезекші мамандандырылған ХҚКО-лар ғана жұмыс істейді. Жұмыс уақыты 13:00-ге дейін жалғасады.

10 мамырдан бастап фронт-офистер әдеттегі жұмыс режиміне оралады: ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін, кезекші болып бекітілген орталықтар жұмыс күндері 9:00 – 20:00 аралығында, сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Еске салайық, мамырдағы демалыс күні 2024 жылғы 4 мамыр сенбіден 2024 жылғы 8 мамыр сәрсенбіге ауыстырылған болатын. Яғни қазақстандықтар 4 мамыр - сенбі жұмыс істеп, 7, 8, 9 мамыр күндері демалады. Сонымен қатар, қазақстандықтар 1 мамыр - сәрсенбі күні де демалады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина