Автомобиль өндірісін дамытып, тұрмыстық техника шығаруды қолға аламыз - министр Шарлапаев

Қазақстан автомобиль өндірісін дамытып, тұрмыстық техника шығарады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл 3 айда машина жасау саласындағы өсім – 24,9 пайыз.

"2025 жылға қарай тұрмыстық техника өндірісін 360 мың бірлікке дейін (Silk Road Electronics – 301 470 бірлік, Almaty turmystyq tehnika зауыты – 60 мың бірлік), 160 мың жеңіл автомобиль ("СарыаркаАвтоПром" ЖШС – 110 мың және Hyundai Trans Kazakhstan ЖШС – 50 мың автомобиль), сондай-ақ теміржол машина жасау тауарлары: 100 жолаушылар вагоны, (ЗИКСТО), 120 локомотив 120 бірл. (Электровоз курастыру зауыты – 44 бірлік, Локомотив курастыру зауыты – 90 бірлік), 500 бірлік платформа (ЗИКСТО), 1,5 мыңжартылай вагон (КВК) ұлғайту жоспарланып отыр", - деді Қанат Шарлапаев Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Министр елімізде тұрмыстық техника шығарылатынын атап өтті.

"Тұрмыстық техника өндірісін (ЕАЭО нарығындағы бюджет тапшылығы – 9 млн доллар) қытайлық HTC Corporation компаниясы және Оңтүстік Кореяның Samsung Electronics компаниясы сияқты жаңа инвесторларды тарту арқылы (12 млрд теңге инвестиция, қуаттылығы 400 мың техникаға дейін) Саран қаласындағы Silk Road Electronics ЖШС жұмыс істеп тұрған кәсіпорын базасын ұлғайту жұмысы жүргізіп жатыр", - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, автомобиль жасауда көлік құрастырудың неғұрлым күрделі деңгейіне кезең-кезеңімен көшу жөнінде шаралар қабылданып жатыр.

"Автокөлік өндірушілерінің алдында шағын торапты құрастыру (CKD) үлесін 2027 жылға қарай жалпы өндіріс көлемінен 50 пайызға дейін ұлғайту бойынша міндет тұр.

Биыл біз шамамен 20 пайызға, 2025 жылы – 30 пайыз, 2026 жылы 40 пайызға қол жеткізуіміз керек. Сондай-ақ Қостанай және Алматы қалаларындағы шағын өнеркәсіптік аймақтардың алаңдарында автокомпоненттік базаны дамыту бойынша жобалар пысықталып жатыр", - деді Қанат Шарлапаев.

Ол елімізде Қытай автомобильдерін шығаратын көп брендті зауыт салынып жатқанын атап өтті.

"Көліктер үшін пластикалық бөлшектер мен мультимедиялық жүйелер өндіретін кәсіпорындарды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап дәнекерлеу және бояу жөніндегі операциялар Қазақстан аумағында өндірілетін әрбір автомобиль брендінде игеріледі.
2027 жылға қарай шағын торапты құрастыру әдісімен шамамен 200 мың автомобиль шығару жоспарда бар", - деді министр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!