Ақтөбе облысында жоғалып кеткен 39 жастағы ер адам өлі табылды

Ақтөбе облысында жоғалып кеткен 39 жастағы ер адам өлі табылды
Фото: Полиция департаментінен

Ақтөбе облысында жоғалып кеткен 39 жастағы ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

25 сәуірде Ырғыз ауданы полиция бөліміне 39 жастағы ер адамның белгісіз жоғалып кету фактісі бойынша туыстары арызданған.

Туыстарының айтуынша, жоғалып кеткен адам бір күн бұрын атпен Қарақоға деп аталатын жерге мал қарауға кетіп, қайтып оралмаған.

Полиция, құтқарушылар мен жергілікті тұрғындардың күшімен іздеу шаралары ұйымдастырылды, нәтижесінде 26 сәуірде Ырғыз өзенінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның мәйіті табылды. Сараптама тағайындалды.

Өзен арнасының бұл бөлігі су басу аймағында болған жоқ.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина