Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысы кейінге қалдырылды

Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысы кейінге қалдырылды. Себебі айыпталушылар сот залына әлі жеткізілмеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тараптар айыпталушылар келмесе сот отырысын жалғастыра алмайтынын жеткізді. 

"Басты сот отырысы айыпталушылардың қатысуымен өтуі керек. Күзет қызметінде проблемалар пайда болғандықтан айыпталушылар сағат 11.00-ден кейін жеткізіледі. Басты сот отырысы 14.30-ға дейін кейінге шегеріледі", - дейді судья Айжан Құлбаева. 

Сот отырысының жалғасы бүгін сағат 14.30-да басталады. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!