"Түн - сайтанның қозатын шағы". Этнограф ұзатылған қызды түнде шығарып салуға болмайтынын айтты

"Түн - сайтанның қозатын шағы". Этнограф ұзатылған қызды түнде шығарып салуға болмайтынын айтты
Фото: Әлеуметтік желі

Желіде этнограф Серік Ерғалидың қыз ұзатуға қатысты пікірі тарады. Оның айтуынша, ұзатылған қызды шығарып салуға болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Түн - сайтанның қозатын шағы, жағымсыз энергетиканың қозатын шағы. Оны біздің ата-бабамыз әуелден білген, сондықтан бәрін күндіз істеген. Түнгі 12-де қызды ұзатып, өліп-талып алып қашып жатады. Сен неге қызыңды түнде ұзатасың? Алдын неге түнге саласың? Алдын таңға, өрлеп бара жатқан күнге салу керек. Күнмен бірге өрлеу керек. Қазақ қызды солай ұзатқан. Қазір түнгі 12-де келіп ана жақта күтіп отыр деп жатады", - дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от DANIYAR YESSEN (@daniyar_yesen)

Бұл видео 11 мың лайк пен мыңнан аса пікір жинаған. 

"Негізі бұрын қызды қондырып, ертесіне ұзататын", "Батыс жақта ұзату той болады, қыз ертең күндіз өз босағасынан шығады, үлкендер жиналады. Ақ батасын береді, қыздың жүгі салынған көлік кетеді. Өте жақсы сақталған ғой сол", "Ертеде жеңгелерімізді түнде алып қашып келгенін көзбен көрдік. Шымылдығын ұстап, басына ақ орамал жапқанын көрдік. Қазір олар әже болып отыр", "Түнде ұзатылса да, күндіз ұзатылса да оған байланысты емес деп ойлаймын! Әркімнің жазылған тағдыры", - деп жазған Желі қолданушылар.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек