"Ортамызға от салып отырған - бірінші әйелі". Актриса Ләззат Әбіш екінші күйеуімен арасының суып кету себебін айтты

"Ортамызға от салып отырған - бірінші әйелі". Актриса Ләззат Әбіш екінші күйеуімен арасының суып кету себебін айтты
Фото: HIT TV скрині

Кино және театр актрисасы Ләззат Әбіш бірінші некесі неліктен сәтсіз аяқталғанын ашып айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы актриса "Менің өмірім" бағдарламасына берген сұхбатында айтты. 

"Үйленетін адам "мен актрисаны алып жатырмын, әншіні алып жатырмын" деп ойлануы керек. Мен тұрмысқа шығар кезімде театрдан шықпайтынымды да айтқанмын. Келісті. Үйленгеннен кейін бір-екі айдан соң қызғана бастады, қатты қызғаншақ болды. "Менің жан дүниемді түсінбесең, менің актриса, әнші екенімді білдің, онда не үшін қызғанасың?" Шектен тыс қызғаныш болып кеткеннен кейін бізде ұрсыс-керіс пайда болды. "Мен сенімен тұра алмаймын" дедім. Сондай келіспеушіліктер болды. Біз көп тұрмадық, 6-7 ай тұрдық. Ұлымызды үйіме келіп босандым. Бірге көп болмадық", - дейді актриса. 

Актриса ұлы мен әкесінің араласуына шектеу қоймағанын айтты. Артынша Ләззат Әбіш екінші рет тұрмысқа шыққан. 

"Ол кісінің өнерге ешқандай қатысы жоқ. Маған сенді ме - білмеймін, қызғаншақ болған жоқ. Негізі заңды түрде біргеміз. Бірақ қазір бір айдай болды, бөлек тұрамыз (...) Қазір бір қызымыз бар", - дейді Ләззат Әбіш.  

Актриса екінші күйеуімен арасының суып кетуіне не себеп болғанын айтты. 

"Ортамызға от салып отырған - бірінші әйелі. Енем екеуіміздің ортамызға да от салған бірінші әйелі. Әрине, бала анасының сөзін сөйлейді. Ортамызға от салынып отырса анасының сөзін сөйлейді. Сол мәселе болып тұр. Негізі күйеуім екеуіміздің ортамыз жақсы. Бұрынғы некемнен балам барын күйеуім де, ата-енем де қабылдаған жоқ. 

(...) Үйленетін кезде күйеуімнің әке-шешесі қарсы болған. Күйеуім мені қатты жақсы көргені соншалық, ақыры әке-шешесін көндірді. Бірақ қайын атам менің баламды үйге келтірмей қойды. "Біздің есіктен бір қадам аттамасын дегенін естіген кезде аузыма құм құйылғандай болдым. Содан кейін бөлек кеттік. Ары қарай ол атмосферада тұру өте қиын болды. Содан бөлек шықтық. Менің айтқаным ауыр тиген болар. Содан бері қайын атам мені үйге кіргізбейбі", - дейді актриса.  

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина