Жетісу облысында 4 күн бұрын жоғалған жігіт өлі табылды

Жетісу облысында 4 күн бұрын жоғалған жігіт өлі табылды
Фото: видеодан алынған кадр

Жетісу облысы Көксу ауданында 4 күн бұрын жоғалып кеткен жігіттің денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

23 сәуірде Көксу ауданының полиция бөліміне ұлының жоғалғаны туралы арызбен Еңбекшіқазақ ауылының тұрғыны жүгінді. Оның айтуынша, 29 жастағы жігіт мал жаюға шығып, оралмаған. Жоғалған адамды іздеуге аудандық полицияның барлық жеке құрамы, жергілікті тұрғындар мен еріктілер бағытталды.

"Сол күні жоғалған жігіттің жылқысы Ескелді ауданының Жаңалық ауылында табылды. Көрші ауылдарды Көксу өзені бөліп тұрғаны ескеріліп, іздеуге облыс құтқарушылары қосылды.

27 сәуірде іздеу іс-шараларының барысында жоғалған адамның зорлық-зомбылық белгілерісіз мәйіті Көксу өзенінің түбінде табылды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан