Тоқаев қалалық сенбілікке қатысты

Тоқаев қалалық сенбілікке қатысты
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қалалық сенбілікке қатысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысып, елордадағы "Ұлытау" аллеясында ағаш отырғызды.

Президентпен бірге сенбілікке волонтерлер, "Ассамблея жастары" ұйымының өкілдері, еліміздің ғылым, креативті индустрия, мәдениет, спорт салаларындағы белсенді жастар және алдағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушылар, Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері атсалысып, жөке ағашының 430 түп көшетін екті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек