Кісі өлтіргені үшін 2004 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер Алматыда ұсталды

Кісі өлтіргені үшін 2004 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер Алматыда ұсталды
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Полиция екі күнде 300-ге жуық қылмыскерді ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

24-25 сәуір аралығында ТМД елдерінің аумағында мемлекетаралық және халықаралық іздеуде жүрген адамдарды анықтау және ұстау бойынша жедел профилактикалық іс-шара өткізілген.

Қазақстан ІІМ криминалдық полициясы 291 қылмыскерді, оның ішінде республикадан тыс жерде 31 адамды, шетелдік құқық қорғау органдарының сұрауы бойынша ел аумағында 173 адамды ұстады.

"Мысалы, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген әйел Сочиде ұсталды. Варшавада іздеуде жүрген ер адам ұсталды. Ол Алматыда көлікті мас күйінде тізгіндеп, адам қағып кеткен. Жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келген", - деп жазылған хабарламада.

Кісі өлтіргені үшін 2004 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер Алматыда құрықталды. Түркістан облысының Сарыағаш ауданында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 2015 жылдан бері іздеуде жүрген ер адам ұсталды. Оған Ресей тарапы іздеу салған.

Сонымен қатар, жоғалған 59 адамның орналасқан жері анықталды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова