Илья Ильин шаңырақ көтергенінің бір жылдығына орай әсерлі видео жариялады

Қазақстандық танымал спортшы Илья Ильиннің шаңырақ көтергеніне бір жыл толды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол Instagram-дағы парақшасында әйеліне арнап ерекше видео мен жазба жариялады.

"Біздің үйлену рәсіміне бір жыл толды. Сені маған жіберген Құдайға шүкіршілік еткім келеді. Мен өте бақытты адаммын. Бақыт дегеніміз – еңбек және үнемі өз-өзімен жұмыс істеу, егжей-тегжейге назар аудару екенін анық білемін. Біздің өміріміз үлкен және бақытты өмірді тудыратын кішкентай, бірақ маңызды оқиғалардан тоқылған", - деп жазды спортшы.

Ильин сонымен бірге әйеліне махаббаты үшін, өзіне деген қамқорлығы пен мейірімділігі үшін алғыс айтты.

"Мен сенімен шын жүректен бақыттымын және біз екеуіміз қартайғанша бірге өмір сүретінімізге көз жеткізгім келеді. Мен сені қатты сүйемін", - деп жазды ол.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!