"Шенеуніктің туысымын": Астанада алаяқ элиталы көліктерді арзан бағамен ұсынған

"Шенеуніктің туысымын": Астанада алаяқ элиталы көліктерді арзан бағамен ұсынған
Фото: elements.envato.com

Астанада алаяқ элиталы көліктерді арзан бағамен ұсынған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бірнеше рет аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қала тұрғыны 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Қылмыскер өзін жоғары лауазымды шенеуніктің туысы ретінде таныстырып, жәбірленушілерге қаржы ұйымынан есептен шығарылған көліктерді нарықтан төмен бағамен сатып алуды ұсынған. Осылайша, жәбірленушілердің 37 миллион теңгеден аса ақшасын иемденген", - деп жазылған хабарламада.

Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін дәлелдеді. Жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздары қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова