Ресей бірнеше рет алаяқтық жасаған күдіктіні Қазақстанға қайтарды

Ресей бірнеше рет алаяқтық жасаған күдіктіні Қазақстанға қайтарды
Фото: Бас прокуратура

Ресейден бірнеше мәрте алаяқтық жасаған күдікті экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Ресейден бірнеше мәрте алаяқтық жасаған күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей тарапымен экстрадициялау туралы мәселе аяқталды.

Аталған тұлға 2022-2023 жылдараралығында шет елдерден азық-түліктің көтермепартияларын жеткізу сылтауымен алаяқтықжолмен 9 кәсіпкердің жалпы сомасы 470 миллион теңгеден астам ақшалай қаражатын иемденген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты халықаралық iздестiру жарияланды. Өткен жылдың желтоқсан айында Мәскеу аумағында ұсталды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина