Диетолог салмақ тастауға пайдалы сорпаны атады

Диетолог Лена Бакович салмақ тастау кезінде сүйек сорпасын ішу қаншалық пайдалы екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маманның сөзінше, мұндай сорпа ағзаны коллагенмен қамтамасыз етеді, бұл ішектің шырышты қабығын қалпына келтіруге, ас қорытуды жақсартуға және қабынуды азайтуға көмектеседі.

"Жақсы диетамен бірге сүйек сорпасын ішу салмақ жоғалтуға көмектеседі. Оның құрамында ақуыздың көп мөлшері бар және ол жеткілікті мөлшерде тойымды. Сонымен қатар, мұндай сорпада калория аз. Сүйек сорпасы су балансын тең ұстауға көмектеседі және соның әсерінен адам шамадан тыс тамақтанбайды", - деді Бакович Eat This, Not that! басылымына.

Сарапшы сорпа сүйектер мен буындарға пайдалы екенін де айтты, өйткені оның құрамында магний, фосфор және кальций, хондроитин мен глюкозамин бар.

Еске салайық, бұған дейін дәрігер сорпаны көбірек ішу асқазан ауруының алдын алуға қаншалық көмектесетінін түсіндірді. 

Ел арасында сорпаны күнде ішпей, кофе, цитрус жемістері мен ащы тағамды азырақ тұтыну арқылы гастриттің алдын алуға болады деген танымал пікір бар.

"Асқазан ауруы мен жарасы - созылмалы жұқпалы ауру. Ол Helicobacter pylori бактериясынан туындайды. Егер ағзада осы жұқпалы бактерия болмаса, адам қандай тағам ішіп-жесе де, асқазан ауруы не жарасы тумайды. Көп дегенде қыжыл пайда болуы мүмкін", - деп түсіндірген болатын маман.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!