Абай облысында орманнан өрт шықты

Абай облысында орманнан өрт шықты
Фото: Көрнекі сурет ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Абай облысында орманнан өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бородулиха ауданындағы "Семей Орманы" МОТР филиалының аумағында орман жамылғысы аумағында өрт шыққан. Филиалдың мәліметтері бойынша, бұл аймақ батпақты жетуі қиын жерде орналасқан.

Өртті сөндіруге Абай облысы ТЖД және орман шаруашылығы күштері жұмылдырылды. Өрттің ауданы нақтылануда. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина