"Бишімбаевтар қаптап бара жатыр": әлеуметтік желіде аяусыз соққыға жығылған тағы бір әйелдің видеосы тарады

Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде әйел аяусыз соққыға жығылған тағы бір видео тарап кетті. Massaget.kz тілшісі осы жайтты анықтау мақсатында ІІМ баспасөз қызметіне жүгінді.

Кадрларда ер адам әйелді теуіп, артынша ұратыны көрінеді. Видеода бұл оқиға үйлердің бірінің алдында түсірілгені байқалады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 59cek 😎 (@59cek)

Желі қолданушылары видеоға түрлі пікір жазып жатыр.

"Бишімбаевтар қаптап бара жатыр", "Әйелді ұруды Бишімбаев синдромы деп атау керек", "Ұратын болсаңдар неге алдыңдар?" - дейді олар.

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері осы жайтқа қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Видеодағы адамдар мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Кінәлі адам міндетті түрде жауапқа тартылады", - деп жазылған Massaget.kz-ке жауапта.

Еске салайық, бұған дейін де осыған ұқсас оқиғаның видеосы тарап кетті. Желіде тараған кадрда ер адам әйелдің телефонын сындырып, содан кейін оны ұрады. Жазба авторы жәбірленуші әйелдің есімі Салтанат екенін жазған. Әйел 11 жылдық некеден кейін ажырасуға шешім қабылдап, балаларын алып, Тараздан Алматыға көшіп келген. Алайда автордың айтуынша, қазір бұрынғы күйеуі келіп, оны аңдып, мәжбүрлеп қайтаруға тырысып жатыр.

Артынша бұрынғы әйелін аяусыз ұрып кеткен ер адам кешірім сұрады. Сонымен қатар, ол ұсталды

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова