"Сен сияқты малдарды білемін". Сотталушының адвокаты автобус жүргізушісі арандатқанын айтты

"Сен сияқты малдарды білемін". Сотталушының адвокаты автобус жүргізушісі арандатқанын айтты
Фото: Tengrinews.kz

Бүгін Алматыдағы жантүршігерлік жол апатына байланысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Сотталушының адвокаты Мұстафаев автобус жүргізушісі арандатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сотталушы Дархан Ахметжанов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі, 351-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылды. Адвокаттың айтуынша, сотталушы өз кінәсін толық мойындап, өкініп отыр. Қорғаушы Дархан Ахметжановтың бұл қылмысқа баруына автобус жүргізушісі итермелеген дейді. 

"Жәбірленуші сотталушыға қарсы жасаған заңсыз іс-әрекеттері толық анықталды деп есептеймін. Сот тергеуінде анықталған мән-жай бойынша, Ахметжанов қоғамдық көлікке отырып, телефон теңгерімі арқылы жол ақысын төлемек болған. Жәбірленуші сотталушының телефонын қолына алып, сол арқылы жол ақысын төлемек болған. Жәбірленуші Шүкебаева сотталушыны көліктен түсірмеген. Келесі аялдамада да жәбірленушіге жол ақысын төлемейінше шығармайтынын айтып, оның ар-намысына тиетін сөз айтып, яғни "сен сияқты малдарды мен білемін" деп қорлаған. Осы қорлыққа шыдай алмай, сотталушы жәбірленушіге екі мәрте соқшы жасаған", - деді ол. 

Айта кетейік, сотталушы абайсызда үш адамның өліміне әкеп соқтырған бұзақылық жасағаны және көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету ережелерін бұзғаны үшін айыпталып жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек