Атырауда Жайық деңгейі әлі де көтеріліп келе жатыр

Атырауда Жайық деңгейі әлі де көтеріліп келе жатыр
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша 26 сәуірде сағат 8-дегі жағдай бойынша, Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Индербор кентіндегі су бекетіндегі  деңгейі 613 см, деңгейдің +9 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 390 сантиметр болады. Махамбет кентінің гидропостындағы  деңгейі 728 см., тәулігіне + 7 см-ге көтерілу, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 411 сантиметр болады. Атырау қаласы гидропостындағы деңгейі 428 см., тәулігіне + 3см деңгейдің көтерілуі байқалады. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу - 237 см.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіліп отыр.

 "26 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу 192 м3/с", - делінген хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина