Алматыда есірткі притонын ұйымдастырғандар ұсталды

Алматы полициясы есірткі притонын жойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 

Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы мәліметінше, есірткі притоны Жетісу шағынауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған.

"Үй иесі мен оның кейбір қасындағылардың тұрғылықты жерін тінту кезінде полиэтилен байламдары, өсімдік тектес заты бар сіріңке қораптары, электрон таразылар табылды. Ұсталғандар гашиш пен марихуананы жеке пайдалану үшін сақтағандарын айта бастады. Тәркіленген заттардың шығу тегі мен иесін анықтау мақсатында сот-химиялық сараптама тағайындалды. Есірткі заттарды тұтыну және заңсыз сақтау үшін орын ұйымдастыру деректері бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.

Полиция өзге ақпаратты жария етпеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!