Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады

"Қазгидромет" мамандары ертең, 26 сәуірде елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр мен бұршақ жауатынын болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлытау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік болады.

Қарағанды ​​облысында солтүстік-шығыстан және шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, Алакөл көлдері аудандарында кей уақытта 23-28 м/с болады. 

Қызылорда облысының шығысында, орталығында найзағай, дауыл. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с болады. Облыстың орталығында, шығысында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Алматы облысының оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с болады.

Алматыда түнде және таңертең нөсер жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. 

Ақмола облысында шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында тұман түседі.

Ақтөбе облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 16 м/с болады.

Абай облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады. 

Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр, бұршақ жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда найзағай, дауыл. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.

Шымкентте кей уақыттарда найзағай ойнап, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15- 20 м/с болады. 
 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз