"Бір білезіктің бағасы - 22 миллион 250 мың теңге". Динара Сәтжанның бір күндік образы қанша тұрады?

"Бір білезіктің бағасы - 22 миллион 250 мың теңге". Динара Сәтжанның бір күндік образы қанша тұрады?
Фото: instagram.com/dinarasatzhan/

Жансая Махабаева есімді блогер, жеке кәсіпкер, тележүргізуші, журналист Динара Сәтжанның бір күндік образы қанша тұратынын есептеп көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер есептеген сома айтарлықтай көлемде шықты.

"Әдеттегідей киімнен бастайық. Мына комплект француздық Sandro бренінен.
Кардиган бағасы - 150 мың теңге. 
Топ - 100 мың теңге.
Белдемше - 145 мың теңге.
Аяқ киімі - Bottega Veneta брендінен 425 мың теңге.

Менің байқағаным, Динара Сәтжан әшекей-бұйымдарын өте сәнді, былайша айтқанда үйлестіріп тағады.
Мына сырға, алқа, тіпті жүзік Van Cleef брендінің Magic Alhambra топтамасынан.
Сырға - 3 миллион 800 мың теңге.
Алқа - 3 миллион 600 мың теңге.
Жүзік - 2 миллион 125 мың теңге тұрады.

Bulgari брендінен менің ең сүйікті топтамам Serpenti-дан толық гауһартастармен апталған білезігі мен сақинасы бар екен. 
Мына бір білезіктің бағасы - 22 миллион 250 мың теңге.
Ал сақинасы - 5 миллион 300 мың теңге тұрады. 

Енді Cartier брендіне көшейік. Мына өте әдемі Clash de Cartier топтамасынан білезігі мен сақинасы бар. 
Білезігі - 5 миллион 500 теңге.
Жүзігі - 1 миллион 875 теңге тұрады. 

Сонымен барлығы 45 миллион 270 мың теңге шықты", - деді блогер. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Көңіл-күйді көтеру үшін не жеу керек?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә