Жамбыл облысында жоғарғы сынып оқушысы кәмелетке толмаған ұл баланы зорлады деген күдікке ілінді

Жамбыл облысы Сарысу ауданында жоғарғы сынып оқушысы тағы бір оқушыны зорлаған. Құқық қорғау органдары осы оқиғаға байланысты тергеу шараларын бастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тuraninfo.kz басылымының мәліметінше, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев осы оқиғаға байланысты білім саласына жауапты шенеуніктер мен аудан әкіміне қатаң сөгіс жариялаған.

"Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен оқиға орнына жауапты мамандар жіберілді. Сарысу ауданынның әкімі Серік Мамытов және облыстық білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұловқа бақылауды әлсіреткені үшін қатаң сөгіс жарияланды. Облыс әкімі осы жағдайға тікелей қатысы бар басқа да қызметкерлерді жауапқа тартуды және білім беру мекемелерінде кешенді тексеру жұмыстарын жүргізуді тапсырды", - делінген әкімдік хабарламасында.

Сарысу аудандық полиция бөлімімен кәмелетке толмаған 14 жастағы балаға қатысты жыныстық сипаттағы іс-әрекеттер жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдіктіге қатысты қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен жан-жақты тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

"Интернаттың оқытушылар құрамына қатысты міндеттерді тиісінше орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді", - делінген хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!