Маман қандай таңғы ас зиян екенін айтты

Диетолог, эндокринолог Оксана Михалева кейбір танымал таңғы астардан бас тартуға шақырды және олар зиян екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Газета.Ru басылымына сілтеме жасап.

Дәрігердің сөзінше, көпшілік таңғы асқа ақ нан, шұжық, май және ірімшіктен тұратын калориялы бутерброд жейді. Оның айтуынша, бұл тағамдардың тағамдық құндылығы жоқ, сондықтан олар тез тойдырады, бірақ денені дәрумендермен, талшықтармен және минералдармен байытпайды. Сонымен қатар, бұлай тамақтану ішек дисбиоценозының дамуын, іш қату және асқазан-ішек жолдарының басқа проблемаларын туындатады екен.

Сондай-ақ, Михалеваның пікірінше, таңғы асқа өсімдік майы мен қантты пайдаланып, тазартылған дәнді дақылдардан жасаған жарманы жемеген жөн.

"Жұмыртқа мен апельсин шырыны да ағзаға пайдалы емес. Майға қуырылған жұмыртқа - қосымша калория мен майдың бірден-бір көзі. Шырын, тіпті табиғи әрі жаңа сығылған шырын болса да құрамында қарапайым көмірсулар көп (негізінен фруктоза), ал есесіне талшық аз", - деді ол.

Тізімдегі зиян таңғы астың орнына дәрігер олардың пайдалы нұсқаларын жеуге кеңес берді. Мысалы, дәмдеуіштер мен көкөністер қосылған, пісірілген күркетауық етінен жасалған сэндвич шұжық сэндвичіне пайдалы балама бола алады. Сондай-ақ, маманның айтуынша, таңғы асқа арналған тамаша нұсқа - көкөністер қосылған жұмыртқа пашоты немесе омлет, ірімшік немесе авокадо қосылған нан тосттары.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!