Дәурен Абаев қызметінен кетті: орнына кім тағайындалды?

Тәуелсіз мемлекеттер достастығының бас хатшысы Сергей Лебедев жаңа орынбасары Нұрлан Сейтімовті таныстырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТМД бас хатшысының орынбасары қызметінде Нұрлан Сейтімов Дәурен Абаевтың орнына келді.

"Тәжірибелі адам. Біздің ТМД атқару комитетіндегі бірлескен жұмысымыз жарқын әрі нәтижелі болатынына сенімдімін", - деді Сергей Лебедев.

Нұрлан Сейтімов төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесіне ие. 27 наурызда Мемлекет басшысы оны ҚР-ның Эстония Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатты.

Ал Дәурен Абаев 2023 жылы наурызда ТМД атқару комитеті бас хатшысының орынбасары қызметіне кірісті. 2023 жылы шілдеде Абаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!