Тоқаев Қанат Нұровты жаңа қызметке тағайындады

Тоқаев Қанат Нұровты жаңа қызметке тағайындады

Қанат Нұров жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Ілияұлы Нұров Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды.

Қанат Ілияұлы Нұров. Фото: facebook.com/Kanat.I.Nurov

Бұл қызметте болған Рустам Жүрсінов Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина