Су тасқыны: Қостанай облысында 303 үй қалпына келтіруге жарамайды

Қостанай облысында су тасқынынан зардап шекккен 303 үй қалпына келтіруге жарамайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

Жалпы аймақта 672 үйді су басқан. 9226 тұрғын құтқарылды. 1114 тұрғын үйді тексеруге өтініш түскен. Бағалау комиссиясы 864 тұрғын үйге тексеріс жүргізді. 303 үй қалпына келтіруге келмейді.

Облыс бойынша 1720 адам 635 млн теңгеге әлеуметтік көмек алды.

Су тасқынына қатысты кез келген мәселе бойынша кеңес алу үшін қоғамдық штабқа хабарласуға болады:

  • Облыстық қоғамдық штаб - 8 701 233 10 36, 54-74-09
  • Қостанай қалалық қоғамдық штаб - 8 707 433 62 01
  • Арқалық қалалық қоғамдық штаб - 8 777 107 34 16
  • Амангелді ауданының қоғамдық штабы - 8 777 779 71 12
  • Жангелдин ауданының қоғамдық штабы - 8 705 311 99 78399

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!