"Салтанат тірі қалар ма еді". Меруерт Түсіпбаева Бишімбаевтың бұрынғы әйелін сынға алды

Әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желіде экс-министр Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарманды сынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің айтуынша, Назым Қахарман балалары үшін үндемей отыруы тиіс.

"Бұл әйелді ең бірінші рет теледидардан Бишімбаевтың мемлекеттен қаржы жымқырды деп күдікке ілінгенінде көрген едім… Сонда, білімділігін бөлек қойғанда, күйеуіне деген адалдығы тәнті еткен еді…. Бүкіл әлем қарсы шыққанда, қарлығаштың қанатымен су сепкендей, жан- тәнімен жұбайын, балаларының әкесін, сүйіктісін қорғап, жан ұшырғаны… Салтанаттың трагедиясынан кейін, әр жерде бір жылтыңдап, сұхбат беріп, "өйтіп еді",  "сөйтіп еді" , "ал мен мықтымын, тірі қалдым" дегендей сайрап жүр. Алдында қалыптасқан ойымды 100 % өзгертті… Егер, бұл айел өзі ажырасып жатқан кезеңде дәл казіргідей жанайқайын қоғамға жеткізіп ашық айтса ғой, Салтанат тірі болар ма еді деген ойлар келеді…#біркемдүниеғой…"Ақсақ қой түстен кейін маңырай ма". Бояуы сіңгенде бәлен жыл тұрып, 3 бала туған еркекті жамандағаннан кімге пайда бар?! Бишімбаев  қандай болса да, балалардың әкесі болып қалады! (күлге аунап тумады ғой) Бұл жайтты өзгерту мүмкін емес.  Балаларының тегі - қаны соныкы. Дау өршіп тұрған дәл қазіргі уақытта, өз басым , ана ретінде, балаларымның жан тыныштығы үшін , үндемей отырар едім…. Әттең- ай… Бұлай танымал болмай- ақ қойсақ…#засалтанат", - деп жазды әнші.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз