Түркістан облысында 90 миллион теңге қарызы бар жүргізуші ұсталды

Түркістан облысында 90 миллион теңге қарызы бар жүргізуші ұсталды
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Түркістан облысында полиция 90 миллион теңге қарызы бар жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өтелмеген қарызы бар Toyota Highlander көлігінің иесі анықталған. Жедел басқару орталығынан патрульдік полицейлердің планшетіне борышкердің көлігі бойынша сигнал түскен. Тексеру кезінде полицейлер Қызылорданың 46 жастағы тұрғынының сот қаулысына сәйкес 90 миллион теңгеге жуық берешегі бар екенін анықтады.

Заң талаптарына сәйкес полицейлер көлікті айыппұл тұрағына қойып, жүргізушіге салынған айыппұлдар мен қарыздарды уақытылы төлеу қажет екенін түсіндірді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова