Жайық өзенінің деңгейі үздіксіз көтеріліп жатыр

Жайық өзенінің деңгейі үздіксіз көтеріліп жатыр
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Бүгін Жайық өзеніндегі су деңгейі көтеріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері былай дейді:

Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі су деңгейі - 604 см, деңгейдің +7 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 381 см.

Жайық өзені – Махамбет кентінің гидропостындағы су деңгейі 721 см, тәулігіне + 6 см-ге көтерілу, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу  404 см.

Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 425 см., тәулігіне +3 см. деңгейдің көтерілуі су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 234 см.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

25 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу 192 м3 cу жіберілмек - делінген хабарламада.

Осыған дейін су тасқынынан пәтерлерінен айырылған петропавлдықтық жаңа үйлеерін таңдай алатынын жазған едік. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Ордабаев