"Таң атқанша ұйықтай алмадым". Танымал актриса ашық сахнаға түсу барысында қатты уайымдағанын жасырмады

"Таң атқанша ұйықтай алмадым". Танымал актриса ашық сахнаға түсу барысында қатты уайымдағанын жасырмады
Фото: "Мамский әңгіме"

Танымал актриса Бақытгүл Серікбаева "Мамский әңгіме" жобасына берген сұхбатында ашық сахнаға түсуге қалай қарайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актриса басты рөлді сомдаған, жақында жарық көрген жаңа жобада ашық сахна бар. 

"Жобаның кастинг директоры Айдана маған хабарласып, шақырды. Кастингке барып, қатыстым. Кейін Айдана маған қайта хабарласып сериалда ашық сахна барын айтты. "Мен режиссерға сенің мұндай сахнаға түспейтініңді айттым, бірақ ол нақтылап, сұрағанымды қалап отыр" деді. Сосын мен "қаншалық ашық сахна?" деп сұрадым, ол маған сценарийді жіберді. Сценарийді оқып қарадым да, Айданаға қоңырау шалып, "кешір, бірақ мен мұндай сахнаға түсе алмаймын, мынау тым ашық сахна" деп айттым. Ол кісі сонда да қоймай, "Баконай, сенің мұндай сахнаға түспейтініңді білемін, бірақ ол сахна не ойлағандай, сценарийде жазылып тұрғандай түсірілмейді, уайымдамай, бізге сен" деп аудиожазба жіберді. Дегенменде мен ойландым, өйткені мен ондай ашық сахнаға түспегенмін, қорықтым. Сосын "жарайды" деп келістім. Бірақ, ашық сахнаға түсуге келіскеніммен, ашық сахнаны түсіруге жақындаған түні таң атқанша ұйықтай алмайтынмын. Сахнаны түсірердің алдында Ермекке "екеуміз басқаша дайындалып көрейікші, мүмкін біздің нұсқамыз режиссерге ұнап қалады" деп соңына дейін жүрдім. Жоба барысында сол ашық сахналар ғана мені қатты уайымдатты, ал былай қорқыныш болған жоқ. Ашық сахнаны түсіріп жатқан кезде де қатты уайымдадым. Мұның себебін білмеймін, мүмкін тәрбиеден шығар, мүмкін қазақ менталитетінен шығар. Мен мұндай сахнаға дайын болмаған соң, қатты қорықтым. Сахна былай тұрсын ұят сөздерді айтудың өзіне қатты ұялып жүрдім", - деді актриса.

Тағы да оқи отырыңыздар: Босағаға шеге қағу деген қандай ырым?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә