"Концерттер, КВН ұйымдастырады". 5 жылға сотталған Мейіржан Төребаевтың әйелі актердің жағдайы туралы айтты

Танымал блогер, жеке кәсіпкер Дана Есеева 5 жылға сотталған күйеуі Мейіржан Төребаевтың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, актер қазір елді мекендер колониясына көшірілген.

"Қысқаша: Биыл ақпанға дейін ол тергеу изоляторында болды. Қазір елді мекендер колониясы, Павлодар қаласы көшірілді. Күндіз жұмыс істейді, кешке бөлімге оралады. 5 жылдың 3 жылын өтеді. Концерттер, КВН ұйымдастырады. Спорттық жарыстарға қатысады. Жеңеді. Көп оқиды. Жазбалар жазады. Оның денсаулығы жақсы", - деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін 23 маусымда Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысы бар адамдарға сот үкімі шығып, Мейіржан Төребаев бір бап бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға сотталғаны хабарланған болатын. Даулы істің қалай басталғанына шолу.

Тағы да оқи отырыңыздар: Безеуді неге сығуға болмайды?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!