Алматыда бұршақ жауды: қалада не болып жатыр?

Алматыда бұршақ жауды: қалада не болып жатыр?
Фото: Tengri Auto

Алматыда бұршақ жауып, қала тағы да аяғынан тік тұрды. Синоптиктердің болжамынша, қалада 24-28 сәуір аралығында өткінші жауын-шашын жауады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматылық жүргізушілерді 4 күн бойы жаңбырдан кейінгі көлік кептелісі күтіп тұр. Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша көлік жүктемесі 10 балл болып отыр.

Әкімдіктің хабарлауынша, күндіз жауын-шашын кезінде 465 арнайы техника, 28 мотопомпа және 810 жұмысшы, түнде 236 арнайы техника мен 215 жұмысшы жұмылдырылады.

Жолдарда су басып қалудың алдын алу үшін 2,5 мың құм салынған қап дайындалған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан